«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы   бойынша білім бөлімі Державинск    қаласының   Надежда  Крупская атындағы № 1 мектеп-гимназиясы»    коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия № 1 имени Надежды Крупской города Державинск отдела образования по Жаркаинскому району управления образования  Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

«Намыс – 2026» олимпиадасында III орын

26.10.2026

Державинск қаласындағы Надежда Крупская атындағы №1 мектеп-гимназиясының оқушылары бастапқы әскери және технологиялық дайындық (БӘТД) пәні бойынша өткен «Намыс – 2026» олимпиадасында III орынға ие болды.

Олимпиада барысында оқушылар өздерінің білімдерін, практикалық дағдыларын, тәртіптілігін, командалық рухын және отансүйгіштік қасиеттерін көрсетті. Бұл нәтиже қатысушылардың тыңғылықты дайындығы мен жаңа жетістіктерге деген ұмтылысын айқындайды.

Оқушыларымызды лайықты жетістіктерімен құттықтаймыз! Команданы дайындап, жарыс барысында қолдау көрсеткен жетекшісіне алғыс білдіреміз.

Алдағы уақытта да толағай табыстарға жетіп, жаңа белестерді бағындыруларына тілектеспіз!

Просмотров: 3


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст